• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:39:02
Алматы
+12°

20 Қыркүйек, 2023 Әлеумет

Ашық дереккөзден

"Жақында Өзбекстан көп әйел алуды насихаттауға ресми түрде тыйым салды. Әкімшілік жауапкершілік жүктеді. Олардың да маңдайына “талақшылардың” ызғары әбден тиген сияқты", деп жазады әлеуметтік желіде журналист Камшат Тасболат.

Ал Қазақстанда қай күні телеарнаны қоспа, газет-сайт оқыма, кілең “Үш әйел алған кәсіпкер тәжірибесімен бөлісті”, “Екі әйелі бар азамат: 10 баламды өкімет бағып берсін”, “8 әйелі бар еркек отбасының тату өмір сүріп жатқанын айтады” дегендей позитив сарындағы ақпараттардан көз сүрінеді.

“Қалаулымның” кез келген санын ашып қараңыз, бетіндегі безеуі бес елі 18-20 жастағы балалар “екінші әйел, тоқал алсам қалай қарайсыз” деп отырады қызға…

Айналайын, сен ең алдымен бетіңдегі безеуіңді кетіріп ал. Сосын үйленіп, бір отбасын асырап-бағып көр. “Екі сиыр – айран, екі әйел – ойран” деп бабаларымыз тыйғандай, ойранның астында қалып, жүйке жүйеңді тоздырып, өміріңді қысқартпа!

Өзбекстаннан үлгі алу керек!

– Адами капиталы зор Өзбекстан елді кері тартып отырған мәселелердің бәрін заң жүзінде тыйып, экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп жатыр.

Біз керітартпалықтарды тыймасақ, ақпараттық салада “көп әйел” алу насихаттала берсе, бұл тек бір отбасының ғана емес, мемлекеттің трагедиясы!

Естеріңізде ме, өз балаларын терезеден лақтырған әйелдің жайы, күйеуінің тоқал алғанын көтере алмай сондай қадамға барған. Түрлі ағымның жетегінде жарылайын деп жүрген адамдар көп.

Еуропадай дамимыз дейміз, Еуропа Одағы, Америка біздің ақпараттық салада деструктивті ағымдардың насихаты мен әйел статусын кемсітуді көрсе, қолдайды деп ойлайсыздар ма?

Айтпақшы, мында үш әйел алған біреу “тоқал алуға әйелінен рұқсат сұрайтын еркекті ату керек” депті. Осыны түрлі сайттар, тіпті әкімдік қаржыландыратын газеттерге дейін насихаттап жатыр. Адам өлтіруге шақыру – террор!

Мұндай спикерді интервьюға шақырмақ түгілі, әкімшілік жауапқа тарту керек! Осындай радикалды ақпараттық насихатты тоқтатыңыздар! Бұл деструктивті ағым идеологиясын насихаттаумен бірдей, – дейді жазба авторы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір